Ecolab Clear Dry Classic (Эколаб Клеа Драй Классик) – ыдыс жуғыш машиналарда ыдыстарды шаюға арналған кәсіби құрал. Әсіресе жұмсақ және орташа кермектіктегі суда ыдыстардың мінсіз жылтырауын қамтамасыз етеді.
Ескерту: Clear Dry Classic құралын алюминий ыдыстарды және жұмсақ металдардан жасалған бұйымдарды жуу үшін қолданбаңыз.
Ерекшеліктері:
- Беттік-белсенді заттардың оңтайлы жүйесі ыдыстардың тез кебуін қамтамасыз етеді.
- Ыдыс бетінің құрғақ болуы бактериялардың көбеюі мен дамуы қаупін барынша азайтады.
- Құралдың жоғары концентрациясы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қолданар алдында:
- Гигиеналық жоспармен, қаптамадағы заттаңбамен және қауіпсіздік паспортымен танысыңыз.
- Clear Dry Classic құралын басқа химиялық заттармен араластырмаңыз!
- Құрал Ecolab мөлшерлегішімен бірге қолданылады. Ecolab компаниясының маманы мөлшерлегішті сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес орнатады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық:
- Құралмен жұмыс істегенде қорғаныш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Дыбыстық сигнал естілгенде, ыдыс жуғыш машинаны тоқтатыңыз.
- Мөлшерлегіштің сұйықтық сорғыш түтігін Ecolab канистрінен абайлап шығарыңыз. Жаңа канистрдің қақпағын ашып, түтікті оның ішіне салыңыз.
- Құрал деңгейінің төмендегенін автоматты түрде хабарлайтын жүйе болмаса, канистрдегі құрал мөлшерін үнемі көзбен тексеріп отырыңыз.
Ecolab Clear Dry Classic құралын сақтау шарттары: 0°C-тан 40°C-қа дейінгі температурада сақтау керек.