Ecolab Assure Powder – асхана құралдары мен күмістен жасалған бұйымдарды жібітуге арналған кәсіби ұнтақ. Асхана құралдарындағы кетуі қиын дақтарды кетіреді және күміс бұйымдардың (асхана құралдары, тәрелкелер, шәйнектер және т.б.) жылтырлығын қалпына келтіреді.
Ерекшеліктері:
- Кеуіп қалған тағам қалдықтарын тиімді кетіреді.
- Асхана құралдарына, әсіресе күміс бұйымдарға жылтыр береді.
- Құралдарды коррозиядан және қарайып кетуден қорғайды.
- Арнайы формуласы күміс пен тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдарға қолдануға жарамды.
- Құрамында қауіпті компоненттер жоқ.
- Мөлшерлеуге ыңғайлы.
- Бір қолданғанда тазалықты қамтамасыз етіп, шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қолданар алдында:
- Гигиеналық жоспармен, қаптамадағы заттаңбамен және қауіпсіздік паспортымен танысыңыз.
- Assure Powder құралын басқа химиялық заттармен араластырмаңыз.
Асхана құралдарын жібіту жөніндегі нұсқаулық:
- Құралмен жұмыс істегенде қорғаныш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Жібітуге арналған ыдысты жылы сумен (ең жоғары температурасы 45°C) толтырыңыз. Ecolab Assure Powder ұнтағын 5–10 г/л мөлшерінде қосыңыз.
- Асхана құралдарын ерітіндіге салмас бұрын тағам қалдықтарын мүмкіндігінше мұқият тазалаңыз.
- Құралдарды ерітіндіге салып, 5–10 минутқа қалдырыңыз.
- Құралдарды ерітіндіден шығарып, ағынды сумен мұқият шайыңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жуыңыз.
- Қолданғаннан кейін жібітуге арналған ыдысты шайыңыз. Ерітінді ластанған сайын оны жаңартып отырыңыз.
Күміс бұйымдардағы қара дақтарды кетіру жөніндегі нұсқаулық:
- Құралмен жұмыс істегенде қорғаныш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Жібітуге арналған ыдыстың түбіне алюминий фольгасын төсеңіз. Ыдысты жылы сумен (ең жоғары температурасы 45°C) толтырып, Assure Powder ұнтағын қосыңыз.
- Күміс бұйымдарды ерітіндіге салмас бұрын тағам қалдықтарын мұқият тазалаңыз.
- Күміс бұйымдарды алюминий фольгасымен тікелей жанасатындай етіп ыдысқа орналастырыңыз.
- Күміс бетіндегі қара дақтар кеткенше 5–10 минутқа қалдырыңыз.
- Бұйымдарды ерітіндіден шығарып, ағынды сумен мұқият шайыңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жуыңыз.
- Жібітуге арналған ыдысты шайыңыз.
Ecolab Assure Powder құралын сақтау шарттары: 0°C-тан 40°C-қа дейінгі температурада сақтау керек.